2018-2019 оқу жылының 1 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» акциясы өтілуіне орай, Саты жалпы орта білім беру мектебінде акция шеңберінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мектеп ұжымы бекітілген мөлтек аудандар бойынша үйлерді аралап, аз қамтамасыз етілген отбасы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларының мектепке дайындығын бақылады.
Акция барысында 2 оқушы аз қамтамасыз етілген отбасынан және 2 оқушы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасынан анықталды. Жаппай оқыту қорынан аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 2 оқушыға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2 оқушыға ата-аналарының және қамқоршысының жеке есеп шоттарына 17 мың тенгеден (он жеті мың) аударылды.
Сондай-ақ Саты ауылындағы мекемелер акцияға белсене қатысты. Олар ФАП пен КБМ, ауыл әкімдігі, мектеп ұжымы, мәдениет үйі, бала бақша ұжымы 5 оқушыға көмек көрсетті.
Жыл сайын акцияға облыстық және аудандық маслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер мектеп түлектері қатысады.