Кітапхана ақпарат

                                                               Кітапханашы туралы мәлімет

Кожанбаева Ульфат Рсбековна

Туған жылы: 17.11.1988ж

Еңбек өтілі: 7 жыл

Білімі: Жоғары

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Лауазымы: кітапханашы және библиография

Санаты: ІІ санатты кітапханашы

Осы аталмыш мектепте 2012 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Талап қыл артық білуге, артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге.

Абай

                         

 

Кітапхана Басты бет

Кітап-өмір ұстазы. Кітап-рухани құндылық.

Кітап біздің досымыз ғана емес, мәңгілік тұрақты серігіміз.

Кітап ел менжерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.

Мұзафар Әлімбаев

 

Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана – рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана – бұл ғылымжұмағы!!! Көп оқыған, көп білер!!!

Кітапхана – дүниеде ештеңеге теңестірмейтін   білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп -өркендеуі   кітаппен тығыз байланысты.

Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапханада- классикалық әдебиет, ертегілер, журналдар, оқулықтар, электронды оқулықтармен пайдалануға болады. Кітапханада оқушыларымыздың ақпараттық мәдениетін арттыруға бағытталған белсенді жұмыс жүргізілуде.

Мектеп кітапханасы 1 қабатта орналасқан. Мектеп Павлодар облысы, Май ауданындағы Саты ауылындағы Исатаева көшесі 5 үйде орналасқан.

Кітапхананың жұмыс уақыты

10.00 дан 16.00 дейін істейді.

сенбі-жексенбі – демалыс.

Кітапхана туралы

 

Кітапханабасқа әлемге апаратын жол. Әрі, мұндай әлем өте көп, әрқайсысы мұнда өз әлемін табады. Бұдан басқа ол таусылмайтын білім көзі.

 

Бүгінгі таңда кітапхана-халыққа білім нұрын себетін ең күрделі ақпарат орындарын бірі.XXI-ғасыр мәдениеттің,ғылым мен білімнің ғасыры.Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді. Кітапхана қорын толықтыру стратегиясы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі.

 

Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.

 

       Қазақстанда кітапхана ісінің дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын беттері болып табылады. Уақыт талабына байланысты кітапхана ісіне, қоғамдық кітап пен ақпарат хабарларға деген өскелең талаптарға сай кітапхана өз жұмысын атқаруда.

 

               Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен, атқарар

 

қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді.

 

        Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.

 

       Кітап- адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол енді жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге алады.Кітап – біздің рухани жан-азығымыз.Балаларды тәрбиелеу процесінің негізгі бөлігі.Олардың кітп оуына басшылық ету болып табылады.Ол кітап оқуға басшылық ету:оқырмандарды кітап оқу өнерне,оқыған кітаптардың дүниетанымын кеңейутуге,білімдерді сарқып білуге,көркем шығармалардың тамашалығын сезінкге оқығандарын дұрыс бағалай алуға,өмірде,еңбекте,оқуда кітапты пайдалануға баулу мақсатын көздейді.

 

        

 

Мектептің кітапхана жұмысы мектеп директоры бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мұғалімдер жыл бойы кітапханамен тығыз байланыста болады.

 

           Кітапхана қоры білімнің барлық саласын қамтиды. Оқушылар 100% оқулықпен қамтамасыз етілген. 2,9 сыныптар жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз етілді.

 

Жыл сайын ұстаздар 100 пайыз журналдар мен газеттерге жазылады.

 

Тақырыптық сөрелер мен көрмелер қазақ тілінде үнемі безендіріледі. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты көрме ұйымдастырылды және «Бір ел –бір кітап/ Одна страна – одна книга » атты акциясы сонымен қатар атаулы күндерге байланысты тақырыптық көрмелер бар.

 

  Кітапхана қоры – 18043 дана, оқулықтар – 3195,  жаңа буын оқулықтар – 3195 дана. 2013-2014 оқу жылы кітапхана 724 дана әдебиеттер мен оқулықтар толықтырылды.

     Барлық оқушы – 55, соның ішінде кітапханаға жазылғандар – 120 оқырман (мектеп қызметкерлерімен бірге). 

 

Мектеп кітапханасы-оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын білімнің күн шуағы

 

Кітап- адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол енді жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге алады.Кітап – біздің рухани жан-азығымыз.Балаларды тәрбиелеу процесінің негізгі бөлігі.Олардың кітп оқуына басшылық ету болып табылады.

 

 – Кітапхана 2 бөлмеден тұрады;   жалпы ауданы 66 кв.м.

 

– Абонемент бөлімі мен оқу залы, кітап сақтау бөлмесі.

 

  – Оқу залы – 12 орынды

 

   – Кітапханада жергілікті қаражатқа алынған 1 ноутбук 1принтермен жабдықталды. 

 

Кітапхана – 12 орынға арналған абонемент және оқу залы.  Оқу залында жасөспірімдерге және бастауыш сынып оқушыларына арналған мерзімді баспалармен танысуға болады: Ерке», «Айгөлек», «Балдырған», «Ақ желкен», «Ертегілер елінде».

 

Республикалық акция

 

«Бір ел- бір кітап»

 

«Одна книга- одна страна»

 

Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабы таңдалды

 

 

Республикалық «Бір ел- бір кітап» акциясын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Кітапханашылар Ассоциациясының ұсынысы бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өткізеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай- ақ жастарды Отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ ЕРЕЖЕСІ

 

 I. Жалпы ереже

 

1.1.Мектеп кітапханасын пайдалану ережелері мектеп кітапханасы оқырмандарына қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, кітапхана мен оқырманның құқықтары мен міндеттерін көрсетеді.

 

2. Оқырмандардың құқықтары

 


2.1.Кітапхананы пайдалану құқығы оқушыларға, педагогикалық жұмысшылар мен басқа мектеп қызметкерлеріне және оқушылардың ата-аналарына беріледі.

 

2.2.Кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпарат алу.

 

2.3.Кітапхана абонементі қорынан кез келген құжатты уақытша пайдалануға алу.

 

2.4.Кітапхана тарапынан өткізілген іс-шараларға қатысу.

 

2.5.Заң бойынша бекітілген тәртіпте кітапхана қызметкерлерінің заңсыз, оқырман құқығын шектейтін әрекеттеріне шағым жасау.

 

Кітапхананы пайдалану тәртібі

 

3.1.Мектеп оқушылары кітапханаға сынып тізіміне сәйкес жеке келіп, ал мектеп қызметкерлері мен ата-аналар – жеке бас куәлігі немесе басқа да құжаттар арқылы жазылады.
3.2.Әрбір оқырманға бекітілген үлгі бойынша оқырман формуляры толтырылады. Оқырман формуляры кітапхана қызметкерінің құжаттарды оқырманға берген және қабылдаған күні жазылатын дәлел куәлігі.

 

3.3.Кітапханаға жазылу кезінде оқырман кітапхананы пайдалану Ережелерімен танысып, оқырман формулярына танысқандығын растап қол қояды.

 

3.4.Оқырмандарға құжаттар 7 күндік мерзіммен беріледі. Бір уақытта берілген құжаттардың саны (оқулықтарды есептемегенде) үштен аспауы керек.

 

Ескерту. Берілген құжатқа басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда  пайдалану мерзімі ұзартылады. 

 

3.5.Оқу, әдістемелік әдебиеттер оқырмандарға бағдарламаға сәйкес (оқу жылының соңында міндетті қайта тіркелу бойынша) беріледі. Бағдарлама бойынша сабақтарда оқытылатын көркем әдебиеттер оқу бағдарламаларына сәйкес мерзімге беріледі.
3.6.Кітапхана қорындағы кезекті құжаттар оқырманның бұрын алған, пайдалану мерзімі асып кеткен құжаттарын тапсырғанда ғана беріледі.

 

3.7.Жиі кездесетін және бағалы кітаптар, альбомдар, анықтамалық басылымдар үйге берілмейді.
3.8.Кітапхананың ішінде жұмыс істеуге берілетін құжаттардың санына шек келтірілмейді

 

 

Кітапхана құрылысы:

                Оқу залы                                                                                                          АБОНЕМЕНТ    

                                                                                                                 

This entry was posted in Кітапхана. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.