Мектеп тарихы

Мектептің тарихы

Өткенді білмей,

Қазіргінің мәнін,

Болашақтың мақсатын білу мүмкін емес.

М.Горький.

           Мектеп –халықтың рухани бесігі, ал мектеп тарихы гүлдену жолының қалыптасуы. Әр мектептің өз тағдыры, өз тарихы бар.

Саты ауылында мектеп 1938 жылы ашылды. Бұл кішкентай ғана Қызыл октябрь деп аталатын бастауыш мектебі болған. Дәл осы сәттен білім ордасының тарихы басталады. 1957-60 жылдары «30 жылдық Қазақстан» жеті жылдық мектебі деп аталды. Жеті жылдық алғашқы директоры қызметін Жүніспаев Ш.Ж. атқарды.

         1961 жылы мектептің атауы Чапаев сегіз жылдық мектебі болып өзгертілді. 1972 жылы орта мектеп мәртебесін алып алғашқы түлектерін шығарды.Осы жылдары мектепте еңбек еткен ұстаздар Жунусбаев Ш.Ж., Ахшалов Н.Н., Байназаров Н.Б., Заитов М.З., Накенов Ж.Н., Алдабергенова С.А., Магенов К.М., Лизогуб Н.В., Фролова Л.В., Молдагалиева Р.К., Байуакова Б.К., Темиргалинов К.К., Мазаева Л.И., Бакина Р.А., Мулыкбаева М.К., Идрисова Л.М., Чернокалова Т.Д., Ауанова К.С., Сайбель Г.И., Исмаилова А.А.,Камалиденова Н.К.,Бейсекеева Р.С.,Телегина В.И., Байтенова К.Р.

       Әйгілі педагог Сухомлинский балаға нағыз тәрбиеші болу үшін, оған жүрегіңді беру керек деген. 1970-1980 жылдарды мектептің«Шығармашылық шарықтау»кезеңі деуге болады. Сол кезде энтузиазм,жігерлі жұмыс, шығармашылық рух, ізденіс және жалынды еңбек уақыт талабы болды. Мектептің материалдық – техникалық базасы жақсы жабдықталған болды. Мектепте комсомолдық және пионерлік ұйымдар жұмыс істеді. Бұл ұйымдар мұғалімдердің шығармашылық бастауымен ұйымдастырылды. Еңбек қабілетінің дамуына « Менің еңбегім Республикамның еңбегіне құйылады» деген ұран әсер етті. Оқушылар металл, макуллатура жинап, саябақты жабдықтауға, совхозда,еңбек және демалыс лагерінде жұмыс істеді.1975 жылы мектеп директоры Б.Б.Байтенов оқушылардың алғашқы кәсіби бригадасын ұйымдастырды.Осы бригадға Б.Р. Рахматуллина жетекшілік етті.

         Мектептің ұзақ жолы – өшпес тарих,жасалған іс-әрекеттер, тұлғалар, әдет-ғұрыптар. Кеме – капитансыз болмайды демекші,мектеп тарихында әр кезеңдегі директорлар алтын әріппен сақталған.

Жунусов Шамкен Жунусович

Сейтов Зупар Сеитович

Мусин Даниял Шакенович

Асылбеков Каркен Асылбекович

Сарсенов Рамиль Нургалиевич

Байтенов Бахтыгерей Байтенович

Тетежанов Казали Жолдасбаевич

Шадиев Кенжетай Шадиевич

Нургалиева Кантай Нургалиевна

Солтанов Серик Сабырович

Сыздыков Алтынсары Шакенович

Анафина Алия Нургазиновна

Кожина Замзагуль Сутешовна

             Мектебім – алтын ұям. Әр адамның өмірінде бұл қымбатты сөз. Сан жылдар өтсе де, мектебің туралы естелік мәңгілікке өміріңнің жарқын парақтарындай есіңде сақталары сөзсіз. Білім әлеміне алғашқы қадамдарын басқан балғын бөбектерге ғылымның сырын ұқтырып, болашаққа жол бастайтын да – мектеп.Ал ұстаз сол әлемге жетелеуші.Осы уақытқа дейін құрмет пен зор алғысқа бөленген ардагер ұстаздарды еске аламыз.Карманова Ж.К., Ахшалова Н.Б.,Махамбетова К.М., Алдабергенова С.А., Исатаева Ж.И., Дуйсенбаеву Б.И., Шадиева К.Ш., Сегизбаева М.Х., Кульбекова С.С., Тайлакова Н.Б., Уахитова Ш.У., Темирбаева К.Я., Блялова Б.Ж., Нуртаева К.Н., Калиакпарова Б.К., Нургалиева К.Н., Баспакова Е.М., Джангазинова Е.Ж. «Қазақ ССР Халыққа білім беру ісінің үздігі» белгісімен Жунуспаев Ш.Ж.., Карманов Ж.К.,Алдабергенова С.А.,Байтенов Б.Б., Рахматуллина Б.Р., Дуйсенбаева Б.И.,Шадиев К.Ш.,Сезизбаева М.Х., Кульбекова С.С.,Бухарбаева Р.О.,Блялова Б.Ж.,Тулева А.К. марапатталды.

Ұстаз болу жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы.

Демекші,осындай қызығы да қиындығы мол мамандықты таңдап, аянбай білім нәрін оқушыларға ұялата білген, үлкен өмірге жол сілтеуші мұғалімдер мектеп тарихының әр жылында сақталған. Олар: Досымханова К.Н., Шакбеков Б.Ш., Амренова Б.Н., Токтамысов К.Т., Нажмиденова З.Н., Сыздыков Д.К., Айтжанов Б.А., Токтамысов К.Т., Шакаров Б.Ш., Кылышбекова А.О., Ибраева Д.Ж., Омарова С.А., Шадиева Г.К., Сапашева А.Р., Шуранова Ш.Б., Бахытжанова С.М., Байтлеуова Е.А., Жагипарова Г.Н., Николаева С.В., Оразалина Г.М., Батаева А.С., Курмашева Г.Ж., Казбекова Б.К., Мусина Ф.Д., Тодераш И.В.,Сыздыкпаева К.К., Буланбаева Б.Р., Темирбаева К.К., Ережепова Г.Е., Мырзагалиева К.Ж., Кенжегазина Г.К., Рахимгожина Н.Ш., Тусупбекова Г.В.

Мектебіміздің медаль иегерлері:

Шакбекова Ғалия Бозтаевна 1986 жыл

Акшалова Гульмира Бекмухамбетова 1986 жыл

Солтанова Алма Сабыровна 1989 жыл

Маутина Гульдана Жаскураковна 1991жыл

Озат үлгі аттестат иегерлері:

Рахимгожина Динара Маралбековна 1997жыл

Абылова Гульмира Жумагалиевна 2000 жыл

Тургунбаева Самал Ерболовна 2001 жыл

Қазіргі уақытта өз орындарын тауып, әр саланың білікті де білгір мамандарына айналған керемет тұлғалар, мектеп сенімін ақтай білді.

         Мектебімізде әскери –патриоттық тәрбиеге басты назар аударылды. Мектеп директоры Сыздыков А.Ш. мен тарих пәнінің мұғалімі Досымханова К.Н. бастамасымен мектеп мұражайы ашылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен байланыс орнатылып, Отан қорғау күніне арналған кездесулер,ерлік сабақтары мен мерекелік жиындар өткізілді. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар алғашқы әскери дайындық мұғалімі Сагалиев Б.Т. пен тарих пәнінің мұғалімі Солтанова Б.К. жұмысынан өз жалғасын табуда. 2011 жылы облыстық мұражайлар конкурсында II орынды иеленді.

       Мектептің педагогикалық ұжымы заман ағымына сай заманауи әдістерді, технологияларды, жаңа көзқарастарды енгізіп, ілгері жылжып келеді. 2009 жылы республикалық «Учитель – это призвание » басылымында химия пәнінің мұғалімі Алдабергенова С.А. және математика пәнінің мұғалімі Нургалиева К.Н.есімдері енгізілді. 2011 жылы облыстық «Алтын қор» басылымына химия пәнінің мұғалімі Алдабергенова С.А. ,технология пәнінің мұғалімі Сыздыкова З.К. және бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі Сыздыков А.Ш.

   «Білім көкжиегі.Горизонты знаний» атты тарихи-танымдық, өмірбаяндық анықтамада 2012 жылы шыққан облыстық мұғалімдер қатарына енген математика пәні мұғалімі Бикенова С.С., бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі Сыздыков А.Ш.,бастауыш сынып мұғалімі Кенжебаева Қ.Т. және АӘД мұғалімі Сагалиев Б.Т.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз жырлағандай жас мамандарға ақылшы,үлгі тәлімгер болатын тәжірбиелі ұзтаздарды мектебіміз әрқашан мақтан тұтады.

Олар :30 жыл қызмет еткен Сагалиев Б.Т., Сыздыкова З.К., Анафина А.Н., 25 жыл қызмет еткендер Сыздыков А.Ш., Сейсембаева К.Ж., Бикенова С.С., Кенжебаева К.Т.

46 жылда мектептен 1000 астам түлектер ұшырылып,қазіргі таңда әр салада қызмет атқаруда.

Мектеп мақтаныштары:

  1. Сыздыкбаев Төлеутай Жұмашұлы 29.09.1955 жылы дүниеге келіп, 1972 жылы Чапаев орта мектебінің бірінші түлегі болды.Май аудандық қазыналық бөлім басшысы қызметін атқарады.
  2. Джангазинов Кадылбек Сембаевич 8.07.1953 жылы дүниеге келді. 1972 жылы Чапаев орта мектебінің бірінші түлегі болды.Қазіргі уақытта Курчатов қаласы АҚ «Ядролық технологиялық парк» басшысы.
  3. Шадиева Заипа Кайсиевна 6.03.1960 жылы дүниеге келді.Чапаев орта мектебін 1977 жылы тәмәндады.Қазіргі уақытта Павлодар облысы эпидемиологиялық бөлім департаментінде тұтыну қорғау агентігінің басшысы болып қызмет атқарады.
  4. Шадиев Жандәулет Кенжетайұлы 1970 жылы 4 ақпанда дүниеге келіп,1986 жылы Чапаев орта мектебін тәмәндады.Астана қаласында аймақтық банктер директоры.
  5. Рахимгожина Нұргүл Шампатқызы 26.01.1972 жылы дүниеге келді. 2008 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта мектебінің директоры.
  6. Май ауданы әкімінің орынбасары Аханбаев Манарбек Ерғанатұлы 1977 жылы 10 наурызда Чапаев ауылында дүниеге келді. Манарбек Ерғанатұлы 1994 жылы Чапаев орта мектебін аяқтады.
  7. Тасболатов Бекболат Егеубайұлы 12.03.1980 жылы туған.Білім ордасын 1996 жылы бітіріп,Май ауданының «Экономика және бюджет жоспарлау» бөлімінің басшысы болып қызмет атқаруда.
  8. Жумабекова Нұргүл Қадылқызы 13.07.1976 жылы дүниеге келді 1993 жылы Чапаев орта мектебін аяқтады. Май ауданының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының басшысы.
  9. Солтанов Серік Сабырұлы 01.06.1969 жылы дүниеге келген.1986 жылы мектепті аяқтады.Қазіргі уақытта Саты селолық округінің әкімі.
  10. Кожина Зәмзәгүл Сүтешқызы 10.09.1976 жылы дүниеге келген. 1993 жылы Чапаев орта мектебін тәмәндады. Бүгінгі таңда Саты жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.
  11. Калиакпаров Дүйсенбай Болатұлы 7.07.1980 жылы туған. Саты жалпы орта білім беретін мектебін 1997 жылы аяқтады. Қазіргі уақытта Май ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры.
  12. Калиакпаров Арслан Сержанұлы 17.10.1987 жылы дүниеге келді.2013 жылдан бастап Майауданы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомовиль жолдар» бөлімінің басшысы болып жұмыс атқаруда.

2011 жылы Облыстың білім беру басқармасының аймақтық дене тәрбиесі және АӘД оқу- практикалық орталығы Қазақстан Республикасының 20-жылдығы қарсаңында өткізілген қала мектептері арасында облыстық жауынгерлік даңқтың мұражайларының көрме- байқауында екінші орынға ие болған Саты ЖОМ құрмет грамотасымен марапатталды.

     2013-2014 оқу жылында мұғалімдер арасында аудандық пән олимпиадасында І орынға иеленген бастауыш сынып мұғалімі Тусупбекова Дана Ерболатовна. Тарих пәні бойынша ІІІ орынға иеленген Кунанбаева Кенжегуль Муратбаевна.

2013-2014 оқу жылында 11 сынып оқушысы Кожина Мадина ПМПИ –да

өткен III облыстық оқушылар арасындағы олимпиаданың грант иегері.

         Міне,бұл біздің мектептің қысқаша өмірбаяны, бірақ тарихымыз әрбір оқушы мен ұстазда өз жалғасын табады.Оқушы мен ұстаз мектептің жаны, тіршілігінің тынысы. Мектеп – жай ғана ғимарат емес, мектеп – бұл ұжым. Ал ұжымымыз достықты бағалайтын, бірлігі жарасқан, еңбекқор жандардан құралған. Заман мен білім берудегі талаптар өзгерсе де бір нәрсе өзгеріссіз қалды, ол оқушыларға деген шынайы мейірімді қарым-қатынас. Осы бір мейірбандылық пен құрмет тұту қасиеттері мектебіміздің еңбасты байлығы.

This entry was posted in Мектеп Туралы. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.