
Аханбаев Көпей
Аханбаев Көпей 1915 жылы 20 желтоқсанда Қызыл Октябрь ауылында кедей отбасында дүниеге келген. 13 жастан колхоз мүшелігіне өтті, көпшілікпен бірге кез келген қиын жұмыстың бел ортасынан табылды. 1941 жылы майданға аттанып 4 Украина майданының құрамындағы теміржолшы әскерлердің сапында соғысты. Қызыл әскер алға жылжу үшін жол салып, қираған жолды жөндеу жұмыстарымен шұғылданды. Соғыстың алғашқы күнінен жеңіс қоңырауы соғылғанша, от пен өлімнің ортасынан жарып өткен майдан жолдарымен ол Белоруссияны, Украинаны, Прибалтиканы, Польшаны, Румынияны азат етуге қатысты. Жеңісті Германия территориясында Берлинге 80 км жерде қарсы алды. Соғыстан кейін 14 жыл механизатор болып істеп, зейнеткерлікке шыққан. Көпей ата жұбайы Рыстымен 6 бала тәрбиелеп, немере сүйді. “Жеңіске 20 жыл, 30 жыл” медальдарымен марапатталған, “Еңбек ардагері”, “Ардақты еңбегі үшін” де алған медальдері бар.

Байбосынов Әбілтай
Байбосынов Әбілтай Абай ауылында Бақтыбаев Жағыпаровтың отбасында дүниеге келген. Осы жанұяның тұңғыш баласы. Соғысқа дейін мектепті бітіріп, ерте жастан еңбек еткен. 1941 жылы майданға аттанып соғыстың басынан үлкен шайқастарға қатысып Ленинградтан Кенигсбергке дейін жауды қуып, талқандауға үлес қосты. Кенигсберг үшін шайқаста жараланып, 1944 жылдың басында елге оралды. Соғыста ерліктері үшін “Германияны жеңгені үшін”, “Кенигсбергті алған үшін” және тағы басқа медальдармен марапатталды. Ұлы Отан соғысының III топтағы мүгедегі болса да еңбек ардагері атанды. Жанұясында 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп бәріне білім беріп, немере сүйді.
Бейсеков Бекмуханбек
Бейсеков Бекмуханбек 1922 жылы туған. 1941 жылы майданға аттанып, 1943 жылы жараланып елге қайтқан. Соғыстан кейін ауыл өміріне белсенді қатысып, отбасында 9 бала тәрбиелеп, немере сүйген. 1982 жылы 23 қаңтарда дүние салды.

Бекхожин Әзімбай
Бекхожин Әзімбай 1918 жылы туған. 1939 жылы әскери міндетін атқару үшін шақырылды. Ол атақты Ленинград қаласын қорғауға қатысты. Әзімбай аға Берлинге дейін жетті. Соғыста үш рет жараланған. Оның алған атақтары: “Қызыл жұлдыз”, “II дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендері”, “Ерлік үшін”, “Кенингсбергті алған үшін”, “Берлинді алған үшін” медальдармен марапатталған.
Ерубаев Жолшара
Ерубаев Жолшара 1922 жылы туған 1941 жылы 9 қыркүйекте майданға шақырылып, 1943 жылға дейін 60 – шы атқыштар полкінде соғысты. 1943 жылдан 1945 жылға дейін әскери аэродромның құрылысшы полкінде әскери міндетін жалғастырған. 1946 жылы елге келіп, ауылда жұмысқа белсенді қатысты. Тың игеруге қатысқаны үшін “Тың игеру үшін” медалімен, 1982 жылы “Еңбек ардагері” атанды. Ерубаев Жолшараның кеудесінде соғысқа қатысқанының белгілері ретінде наградалары “Ерлігі үшін”, “Венаны азаттағаны үшін”,“Германияны жеңгені үшін”, “Жеңіске – 40 жыл”, т.б. Жолшара ата қазіргі кезде ауданның орталығында балаларымен бірге тұрады.
Жанибеков Сайлаубай
Жанибеков Сайлаубай 1919 жылы Красноармейка ауылында туған. Соғысқа дейін мектепті бітіріп, жүргізуші мамандығын игерген. Қызыл әскер қатарына 1938 жылы шақырылған, 1939 жылы Фин соғысына қатысқан. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен Смоленск қаласы үшін шайқасына қатысқан, қатты жараланып, 6 ай Тула, 6 ай Чита қалаларында госпитальде емделген. Госпитальдан кейін елге қайтып, ауылда завгар, механик, жүргізуші жұмыстарын атқарған, 55 жасында зейнеткерлікке шыққан.
Жантаев Рамазан
Жантаев Рамазан 1914 жылы ақпанда Қарағанды облысы, Айырық ауылында дүниеге келген. 4 жылдық бастауыш мектепті бітіріп, жас кезінен жұмыс істеген. 1941жылы 25 маусымда соғысқа аттанып, бас кезінде Владивосток қаласында болған. Біздің қызыл Әскер жауды КСРО территориясынан қуған кезде алға жылжу үшін жол салуға, оны жөндеуге әр армияда жеке әскери бөлімшелер құрылды. Жантаев Рамазан осындай жеке теміржол жөндеудің 43-ші ротасында соғысты жалғастырып, 5-жеке теміржол полкімен бірге Карель облысынан бастап Латвия, Литвада, Венгрияда, Чехословакияда алғы шебінде жүрген. 1947 жылы соғыстан еліне келіп, өз ауылында жұмыс істеген. Тұрмыс құрып, бала, немере сүйді. Соғыс ардагерінің кеудесінде әскери және еңбек медальдары бар, олар: “Германияны жеңгені үшін”, “КСРО Қарулы Күштеріне 30 жыл”, “Еңбек ардагері”.

Зілкенов Оразбай
Зілкенов Оразбай 1913 жылы шаруа отбасында дүниеге келген. Киров орта мектебінде оқып, комсомол партия мүшесі болған. 1941 жылы майданға аттанып, 1946 жылы еліне оралған. Соғыста “II – дәрежелі Ұлы Отан соғысы” орденімен, “Ерлік үшін”, “Кенингсбергті азат еткен үшін” медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Абай ауылында зоотехник болып қызмет істеп, зейнеткерлікке шыққан. Оразбай жұбайы 8 бала тәрбиелеп, немере сүйген.
Исаханов Жабас
Исаханов Жабас 1924 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген. Соғысқа дейін Киров орта мектебін бітіріп, 30-дан кейін Киров кеншарасында жұмыс істеген. Соғыс басталысымен әскери қызметке шақырылған. Исаханов Жабас I-ші Батыс майданында Прибалтика, Смоленск бағытында соғысқан. Латвия, Литва, Чехословакия, Польша жерлерін жаудан азаттауға қатысқан. Майданда көрсеткен ерлігі туралы әскери газеттерде бірнеше рет мақалалар шыққан. Майданда “II – III дәрежелі Даңқ ордені”, “Ерлік үшін”, “Кенингсбергті азат еткен үшін” медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін 1949 – 1961 жылға дейін Май селосында миллиционер қызметін атқарған. Жабас жұбайы екеуі 6 бала тәрбиелеген.
Калиакпаров Қалел
Калиакпаров Қалел 1922 жылы туған. Соғысқа дейін 7 – сыныпты бітіріп, 1941 жылы майданға аттанған. 1941 – 1944 жылдарға дейін 125-ші профильдік жұмысшы полкінде атқыш болған. 1944 жылдан бастап, 122-ші атқыштар батальонының жауынгері болды. Бір рет жаралы болған. Соғыстағы ерліктері үшін көптеген орден – медальдарымен марапатталған: “Ұлы Отан соғысы”, “Ерлік үшін”, ал “Қызыл жұлдыз” орденін Курск шайқасы үшін алды. Соғыстан кейін ауылда жүргізуші болып жұмыс істеді, жұбайы екеуі бес бала тәрбиелеп, немере сүйді.
Қылышбеков Оразбек
Қылышбеков Оразбек 1923 жылы 10 қараша айында Саты ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Ата – анасынан ерте айырылып, жастайынан жетім қалады. 1936 – 1942 жылдары Қызыл еңбек ауылында Қазақстан орта мектебінің 7 – сыныбын бітіріп, әскер қатарына шақырылады. 1943 жылға дейін Калинин майданында соғысқан еді. Майданда қолдан жараланып, госпитальден кейін еліне оралады. 1944 жылдан бастап, ауыл өміріне белсене қатысып, әр салада қызмет етіп, халқының құрметіне бөленеді. Соғыс ардагері бейбітшілік өмірдегі еңбегі үшін көптеген орден, медальдармен марапатталады. Атап айтсақ, – “Ұлы жеңіске – 20 жыл”, “Ұлы жеңіске – 40 жыл” ордендерімен, сонымен қатар “КСРО-ның қарулы күштеріне 50 жыл”, “Ұлы жеңіске 35 жыл” медальдарымен марапатталады. Оразбек аға мен Батима апай 7 бала тәрбиелеп өсіріп, ұлың ұяға, қызың қияға қондырған ардақты ата – ана.
Мұқан Тоқтамыс
Мұқан Тоқтамыс Қызыл Октябрь ауылында 1914 жылы шаруа отбасында туған. 1931 жылға дейін жергілікті мектепті бітіріп, ашаршылық жылдары Алтай аймағына кетіп, 1938 жылы қайтқан. Елге келгеннен кейін Павлодарда ветеринарлық техникумға түсіп, оқып жүрген кезінде соғыс басталған. 1941 жылы майданға шақырылып, 151 атқыштар полкінде соғысқан. 1943 жылы Курск шайқасына қатысып, осы ұрыста жаралы болған. Тоқтамыс ата соғыста ерлігі үшін “II дәрежелі Отан соғысы”- орденімен, “1941 – 1945 ж. Соғысқа қатысқаны үшін”, “Жеңіске 20, 25, 30 жыл” т.б. медальдармен марапатталған.

Сыздықбаев Жұмаш
Сыздықбаев Жұмаш 1916 жылы туған. Соғысқа дейін білім алып, жүргізуші мамандығын меңгерген. 1942 жылы майданға аттанған, артиллерия полкінің құрамында Ленинградты қорғауға қатысқан. “Өмір жолымен” Ленинградқа қару – жарақ, азық – түліктерді әскери автокөлігімен тасыған. Ленинградтың блокадасы бұзылғаннан кейін біздің жерлесіміз жауды КСРО территориясынан қуып, Берлинге 18 км қалған жерден өз полкімен Чехословакия территориясына барған. Онда Прагада қалған фашистер көтеріліске шығып, чех халқын қырып жатқан кезде, біздің жауынгерлер осы көтерілісті басып, Чехословакияны азат етуге көмектескен. Жұмаш аға тек 18 мамырда Жеңіс туралы естіп, қуанған. Соғыстан кейін Жұмаш аға ауылдың өміріне белсенді қатысып, зейнеткерлікке шыққанша, жүргізуші болып жұмыс істеген.

Дюсенбай Жантен
Украина майданы және Сталинград шайқасында артилериялық полк құрамында болған. Польшаны неміс фашистерінен азат етуге қатысқан. Соғысты Германияның шекарасында аяқтанған. Елге 1945 жылы қараша айында оралды.
Кошанов Солтан

Айдаргазин Айкен
Айдаргазин Әйкен 1920 жылы 15 сәуірде дүниеге келген. 1940 жылы Қазақстан –Киров атындығы орта мектептерде оқып, 8 жылдық білім алды. 1940 жылы қазан айында Май аудандық, соғыс коммисириаты арқылы, Отанымызды қорғауға аттанды. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 жылы ақпан айында партия қатарына өтті. Соғыс кезінде неміс фашистерінен СССР жерін азат еткен үшін партия орденімен марапатталды. 1942 жылы Ленинград қаласын қорғауға қатысты. Ұрыс даласында асқан батырлығымен көзге түсіп,әскер қатарында аға сержант болып, бөлімше басқарды.Чехословакия, Австрия, Венгрия жерлерін жаудан азат еткен. Соғыста үш рет жаралы болған. 1946 жылдын наурыз айында аман-есен туған ауылына оралды. Өз ауылының гүлденіп көркеюіне мол үлес қосып, Май аудандық советінде инспектор болып қызмет істеді. Совхоздың №1,№2 бөлімшесінде есепші болып жұмыс жасады. 1981 жылдан бастап зейнетке шықты. Отан қорғау алдындағы ерең еңбегі үшін Совет Одағының командирі Жуков атындағы медалімен, II дәрежелі «Даңқ» , «Отан қорғау» және 1945 жылы «Ленинградты қорғау үшін» , Жеңістің 20 жылдығына орай «Еңбек ардагері»,СССР Қарулы күштерінің 50,60,70 жылдығы, «Гвардия» т.б. көптеген ордендермен марапатталды. 1997 жылы 23 маусымда дүние салды.Болшақтың ұрпақтары осындай батыр аталарымызды мақтан тұтып, олардың рухы алдында басымызды иіп, өз бойымызда елге , жерге деген патриоттық сезімімізді ұялата алсақ нұр үстіне ,нұр болар еді.



Әміров Қозыбай
1920 жылы туған. 1943 жылы соғысқа аттанды, 1945 жылы қайтып оралды. Украина жерінде борышын өтеді. 1970 жылы 9 тамызда қайтыс болды. Ауыл шаруашылық еңбегіне қатысты.
Искаков Карипбай


Тыл еңбеккерлері:
1. Абдыкаримова Б.Ж.
2. Абылова Какен
3. Аханбаева Рысты
4. Таласова Гаухар
5. Тусупова Биғайша
6. Гросс Отто
7. Тасимов Жамсап
8. Нұрғалиева Қарағай
9. Оңғарова Кенжетай
10. Жакауов Қабден
11. Искакова Мансура
12. Базарбаева Риза
13. Баймұрынова Биғани
14. Заитова Валентина
15. Штифель Гертруда
Қаза тапқандар тізімі:
1) Ағжанов Нұрмағанбет
2) Айдарханов Қайыржан
3) Ауанов Буланбай
4) Ахмадиев Асқар
5) Әкімбаев Әкім
6) Әлімбаев Аманжол
7) Әміров Дошмат
8) Әмірханов Қаратай
9) Әсекнов Қожахмет
10) Әкенеов Қалижан
11) Байжуманов Қасен
12) Балтабаев Жуман
13) Бөкенов Боранбай
14) Есенбаев Батырбек
15) Жанаев Баймолда
16) Жумабаев Мукатай
17) Жумадилов Молдабек
18) Жумадилов Оразғали
19) Жумадилденов Мухамеджан
20) Идрисов Бишайық
21) Имангалин Оразалы
22) Қаболов Иса
23) Қабышев Қадырбек
24) Қажыгалиев Хамит
25) Какенов Жанбай
26) Калиев Кайыржан
27) Қасенов Ашкен
28) Қасенов Тәжекен
29) Қожанов Несіпбай
30) Коптілеуов Қадірбай
31) Құдабаев Қорабай
32) Құрмангалиев Қайырбек
33) Кусаинов Айдар
34) Махметов Култай
35) Молдагалиев Қадыр
36) Мукашев Қабен
37) Мусенов Толеген
38) Нурпейсов Адамжан
39) Оспанов Токтамыс
40) Сагынаев Қамзагали
41) Салменбаев Шабангали
42) Смагулов Сагади
43) Смагулов Хамит
44) Сулейменов Рубай
45) Таштық Калымбет
46) Темирбаев Жанатар
47) Темиргалин Кайнарбек
48) Токашев Арын
49) Тоқболатов Уахит
50) Турсынханов Сайд
51) Тусупов Муслим
52) Шандаев Малгаждар
53) Шаяхметов Рахмет
54) Тенизбаев Толеубек
55) Токжигитов Қажыгали
56) Токенов Кенжебай
57) Турсунбаев Карипжан
58) Тусупов Касым