«ЖОҚ» деп айтудан қорықпа

17.11.2023

«ЖОҚ» деп айтудан қорықпа

Топтық қысымға және сынға қарсы тұруға көмектесетін «Ауызша дзюдо»

❗️Егер сізді есірткіні пайдаланып көруге азғырса:

1. Қарсыластарыңызды тыңдаңыз, олардың дәлелдерін естігеніңізді көрсетіңіз, мүмкіндігінше көп сұрақтар қойыңыз және бәрібір нақты ЖОҚ деп айтыңыз.

2. Не пытайтесь придумать «уважительные» причины и оправдываться. Это только раззадорит группу и вызовет шквал оскорблений. «Дәлелді» себептерді ойлап табуға және ақталуға тырыспаңыз. Бұған топ тек даурығып және қорлайтын сөздер айтып шыға келеді.

3. Осы тақырыпта сөйлесуді жалғастырудан бас тартыңыз және балама нұсқаны ұсынуға тырысыңыз.

❗️Егер сіздің нақты ЖОҒыңыз тоқтаусыз сын тудырса:

1. Ашу үстінде өзіңізге айтылғандарға мән бермеңіз. Негізгі қате – бұл кез-келген әділетсіз шабуылдаудан өз-өзін қорғағысы келу. Естеріңізде болсын, осындай жағдайда өз-өзін қорғауға әрекет ету тек қарсыласты қоздыра түседі.

2. Өзгелердің жеке қадір-қасиетін ешкім бағалай алмайтынына өзіңізді сендіріңіз, тек басқалардың істерін бағалауға болады. Сіздің жеке қасиеттеріңізді сынау дұрыс емес.

3. Есіңізде болсын, мақұлдамау тұрақты болмауы мүмкін. Даулар-өмірдің бір бөлігі. Егер бір адам екіншісін сынаса, бұл оның пайдасыздығын білдірмейді.

❗️Осы қағидаларды қолдана білу, сіздің нақты және сенімді  ЖОҚ дегеніңіз ЕРЕСЕК АДАМНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ МЕН ҰСТАНЫМЫНЫҢ ШЫНАЙЫ КӨРІНІСІ.

❗️ЖОҚ деп айтудан қорықпайтын, өзіне сенімді адамдарды қоғам әлдеқайда жоғары бағалайды.

@kurmanova_70
@bilim_basqarmasy
@bilim_pavlodar
@dp_pavlodar
@upn_dp_pvl
@nvt_kz
@uior.pavlodar

 

«Біз отбасындағы бақыт үшін»

17.11.2023

«Біз отбасындағы бақыт үшін» тақырыбында 1—4 сыныптар арасында фотокөрме ұйымдастырылды.

Егемендігіздің белгісі – төл теңгеміздің 30 жылдығына орай жоспар бойынша сынып сағаты өтті

15.11.2023

6 сыныпта Егемендігіздің белгісі – төл теңгеміздің 30 жылдығына орай жоспар бойынша сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі Н. Дошматова тенгенің тарихымен, жылдар бойы жаңарып шығып отырған ұлттық валюта туралы әңгімеледі.

«Баланың бас ұстазы —ата-ана»

14.11.2023

14 қараша күні «Баланың бас ұстазы —ата-ана» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

«Буллинг деген не?»

12.11.2023

2-сыныпта «Буллинг деген не?» атты сынып сағаты өтті. Шара барысында білім алушыларға бала құқықтары жайлы кең мәлімет берілді. Сынып жетекшісі А.Смакова

9қараша күні мектептің Қамқоршылық кеңесінің 1-ші отырысы өтті.

10.11.2023

9қараша күні мектептің Қамқоршылық кеңесінің 1-ші отырысы өтті. Отырыста кеңестің төрағасы Арман Төлеген сайланды. Кеңестің жұмыс жоспарымен мен отырыстарының жоспары бекітілді.

«Отбасы— бақыт бесігі»

10.11.2023

1—4 сынып ата—аналарына «Отбасы— бақыт бесігі» тақырыбында сабақ өткізілді.

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі!

07.11.2023

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі! Зиянды және пайдалы тағамдар. Шағын орталықтағы ата— аналар жиналысы.