Тамақтану айлығы

19.04.2016

Саты жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 1 -10 сәуір аралығында тамақтану айлығы ұйымдастырылды. Жоспар бойынша «Дұрыс тамақтану.Фастфуд және газдалған сусындар» семинарыДТЖО Д.Тусупбековамедбибі А.Солтанова ұйымдастыруымен өтті. Денсаулық бұрышына мәліметтер ілінді. «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын», «Дұрыс тамақтан», «Фаст-фуд мен үшін жоқ», «Дұрыс тамақтану пирамидасы» интерактивті оқыту және «Дәрумендерге бай тамақтар жайлы не білемін?»лекция ұйымдастырылды. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Фаст-фуд денсаулыққа пайдалы ма? Әлде зиян ба?» атты сынып сағаттары өтті.
Ата-аналар жиналысында «Ыстық тамақтың оқушы тұлғасының дамуына әсері» тақырыбында баяндама оқылды.Кеңес /ата-аналар мен оқушыларға арналған/Сынып сағаттары«Дұрыс тамақтану.ВОЗ ұсынған 12 принцип», «Ас тұзы және оның пайдасы», «Денсаулық кепілі- күніне 400 гр жемістер мен көкөніс же»Спорттық сайыстар«Тиімді тамақтанудың түрлі аурулардан алдын алуы» /ойын/, «Дұрыс және бұрыс» /сауалнама. Аға тәлімгер А.Хамитовтың ұйымдастыруымен «Балалар дұрыс тамақтануды қолдайды»атты флэшмоб ұйымдастырылды.

«Қауіпсіз Интернет»

14.04.2016

Саты жалпы орта білім беретін мектепте «Қауіпсіз Интернет» атты ақпараттық науқан бойынша жұмыс жоспары құрылды. 13 сәуір күні «Қауіпсіз Интернет» атты сынып сағаттары өтті. Мектепішілік ата – аналар жиналысында ата – аналарға «Қауіпсіз Интернет» атты баяндама оқылып, жиналысықа қатысушыларға «Ғаламтордағы қауіпсіздік ережелері» атты жадынамалар таратылды. 5 – 9 сыныптар арасында «Инетернеттің пайдасы мен зияны» атты шығармалар және плакаттар мен буклеттер сайысы ұйымдастырылды. 5 – 6 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз Интернет», «Интернет керек пе?» тақырыбында пікірталас өтіп, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
2016-04-15 12.21.51

ата-аналар жиналысы

14.04.2016

13 сәуір күні «Адамгершілік құқықтық тәрбие көзі- отбасы, мектеп және қоғам» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс ашылуы аға тәлімгер А. Хамитовтың ұйымдастыруымен жайдарман командасының үздік әзілдерімен басталды.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. «Мектеп формасы- 2016» Кожина З.С.
2. «Оқу –тәрбие үрдісіндегі жетістіктер» Тусупбекова Д. Е. Кенжебаева К.Т.
3. «Суицидті алдын алу» Успанова Ж. П.
4. «Салауатты өмір салты» Солтанова А. А.
5. «Қауіпсіз интернет» Тасболат М.Т.
6. «Құқықбұзушылықты алдын алу»
7. Әртүрлі сұрақтар
20160413_160657

Құқық бұзушылық

05.04.2016

Май ауданы ІІБ ЖПҚ кәмелетке толмаған істері жөніндегі инспектор
полиция капитаны А.Қ.Абдугаликоваға берілді.
5.04.2016жылы Саты жалпы орта білім беретін мектебінде5-11 сынып оқушылары арасында «Нашақор және жаза», «Өз құқығынды білесің бе?», «Кәмелетке толмағандардың қылмыстықжауапкершілігі», «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыптарында дәріс баяндалды және сауалнама алынды.
20160405_120933

Наурыз – 2016

23.03.2016

Наурыз мерекесі барша адамзатты, әлемді ақ нұрға, шаттыққа бөлейтін мерекелердің бірі. Қазіргі таңда барлық ел болып, атаулы мерекені мерекелеп өтудеміз. Саты жалпы орта білім беретін мектепте 22- наурыз мерекесіне орай жоспар құрылып төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды.Биылғы жылдың бір ерекшелігі Наурыз мерекесі таңертеңгі 7.30-да басталды. Сынып жетекшілер, пән мұғалімдері және жұмысшы азаматшалардың ұйымдастыруымен оқушылар мен мектеп ұжымына наурыз көше ұсынып мерекелік күй сыйлады. Кестеге сай сынып сағаттары мен танымдық сабақтар өткізілді. 18- наурыз мектепішілік «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға барлық мектеп ұжымы мен оқушылар белсене қатысты. «Құда түсу», «Бастаңғы» т.б.ұлттық салт-дәстүрлерімізді 7-8 сынып оқушылардың орындауында көрсетілді. Бастауыш сынып оқушылары «Қара жорға» биін орындады. 5-6 сынып оқушылары Шешен ұлтының салт-дәстүін, 7-8 сынып оқушылары Өзбек ұлтының салт-дәстүрін көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Болатхан Ә ұйымдастыруымен білектесу, қыз қуу(сұрақ-жауап арқылы), асық ату сынды ұлттық ойындар мерекені одан әрі жаңдандырды. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Селт еткізер»салт – дәстүр бойынша 51 оқушыға (қыздарға айна, ұлдарға тарақ) сыйлады. Оқушылардың орындауында «Сұлтан», «Наурыз көктем», «Дастархан», «Наурыз» әндері шырқалды.
20160318_082523 20160318_165037

8 наурыз халықаралық әйелдер күні

06.03.2016

6 наурыз күні бастауыш сыныптар арасында «Кішкентай ару», орта буында «Мектеп аруы 2016» сайысы және мектеп психологы Успанова Жұлдыз Пушкенбаеваның ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз», қыздар арасында ату сайысы Сагалиев Балтабек Тұяқұлының бастамасымен өтті.
20160303_170642

Мұғалімдердің аудандық пән олимпиадасы

27.02.2016

Саты жалпы орта білім беретін мектепте 26 ақпан күні мұғалімдердің аудандық пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 77 қатысушы бақтарын сынады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және Солтанова Ботагөз Кайыровна 3 – орынға иеленді.
SAM_4492

Сыбайлас жемқорлық

15.02.2016

20151116_083718 Саты жалпы орта білім беретін мектеп бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара тарих пәнінің мұғалімі Б.К.Солтанованың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық деген не?» атты тренинг сабағы өтті. Тренинг сабақ негізгі 3 бөлімнен құрылды. 1 бөлім «Ойталқы» деп аталады. Оқушылар «жемқорлық», «парақор», «сыбайлас» деген сөздердің мағыналарын ажыратып, анықтама берді. 2 бөлім «Проблемалық сұрақ» деп аталды. Онда оқушылар «жемқорлық», «парақор», «сыбайлас» деген сөздер қандай затпен байланыс екенін анықтап, ақша туралы айтылған данышпандардың нақыл сөздерімен танысты. 3 бөлім «Тұғырға тұр!» деп аталды. Оқушылар «Қазіргі қоғамда пара беру қажет!» және «Қазіргі қоғамда пара беру қажет емес!» деген пікірлерге өз ойларын мысалдармен, күнделікті ақпарат көздерінен алған мәліметтері бойынша шағын дебат ұйымдастырды. Қорытынды бөлімі «Шағын топтық жұмыс» деп аталды. Оқушылар іс-шара барысында не түсінгендерін постерлер (плакаттар шығару) жасап, оны қорғады.