Тілдер айлығы

30.09.2015

20150930_171424 Тілдер мерекесіне орай арнайы жоспар құрылып, ай бойы төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Болатханның ұйымдастыруымен ,мектепішілік ұстаздар мен оқушыларға арналған «Тұран» пікір-талас клубы «Қазақ тілінің қадірі – қазіргі қоғамда» атты тақырыпта өз ойларын ортаға салды. Пікір-таласта белсенді қатысқан оқушылар 9- сынып Бағлан Е., 8- сынып Бекбулатова Ж., 9-сынып Ахметова С. алғыс хатпен марапатталды. «Бұрынғы баба тілі – бүгінгі бала тілі»атты 5-9 сынып аралығында, жазбаша шығармашылық сайыс өткізілді. І орындар: Манат Айжан, Бекбулатова Ж, Ахметова С. ІІ орындар: Қайролла А, Жанат Ж, Сабыр А, ІІІ орындар: Қалелова Қ, Айтпай А, Асылхан М. Номинациялар: Оразгалин Аманат, Амангелді Н. иеленді.Оқушылардың би-шешендердің нақыл сөздерін жандарына түйгізу және баба мұрасын жаңғыртып, өз өмірлеріне қажет сабақ алу мақсатында «Тура биде – туған жоқ» атты (би-шешендердің өмірінен сахналық көрініс) сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар І орын, 9-сыныптар ІІ орын, 7-8 сыныптар ІІІ орын және көрермендер көзайымы номинациясымен Карибаев Н., Сабыр Арлан марапатталды. «Үкілі жырдың додасы» мәнерлеп жатқа оқу сайысынды І орын Бағлан Ерлан, ІІ орын Қайролла Айдана ІІІ орын, «Жыр жауһазын» номинациясы Абубакарова Милана, «Сүлейлер сарқыты» номинациясымен Жанат Сағи марапатталды. «Өткір тіл – өнер қаруы» атты ұлттық мәдени жоба 5-9 сынып оқушылары арасында өтті. Бұл жоба төмендегідей кезеңдерден тұрды. Журналистік зерттеу: оның ішінде телевизиялық репортаж жасау; Күллі әлемнің кереметі – менің тілімде көрініс тапқан» (берілген тексті дұрыс тәржімалау). «Қанатты қалам иесі» (жеребе арқылы берілген сұрақтарға көрермендерден сұхбат алу және баяндау). Сайыс қорытындысы бойынша І орын Альменова Алима, ІІ орын Ахметова Сания, ІІІ Амангелді Назира иеленді. Сынып жетекшілердің бастауымен ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мектеп кітапханшысы Ж.Алдабергенованың ұйымдастыруымен «Бір ел- бір кітап»атты кітап көрмесі өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері Б.Буланбаева мен А.Ережепованың ұйымдастырумен «Туған тілім – айбыным» атты сайыс өтті. Орыс тілі пәні А.Анафинаның ұйымдастырумен КВН «Приставки и предолги», газет конкурсы «Великий и могучий русский язык», «Дорогие сердцу слова» мәнерлеп оқу сайысы, «Этимология одного слова» жобалар сайысы, ашық сабақ өткізілді. Айлық қорытындысы «Қазақстан – ортақ шаңырағымыз» атты тілдер фестивалімен аяқталды.

Ұстаздар күні

23.09.2015

       

Ұстаз,ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін!

Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!! 

Денсаулық фестивалі – 2015

05.09.2015

«Денсаулық фестивалі 2015»

1-11 сынып оқушылары арасында «Саламатты өмір салтын ұстан!» ұранымен Денсаулық фестивалі өтті. Фестивальді мектеп директоры құттықтау сөзбен бастады.

Мектеп медбибісі А. Солтанова оқушылардың жеке бас гигиенасы, оны қадағалау тәртібімен таныстырды.

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Д. Солтановтың ұйымдастыруымен веложарыс өткізілді. Сабыр Ұлан 1-орын, Нұрлан Насихат 2-орын, Ризолла Ізмұхамед 3-орынға ие болды.

Мектеп ұжымының қатысуымен ауыл сыртындағы «Ақ бұлаққа» саяхат жасалды. Саяхат барысында түрлі спорттық ойындар өткізілді.

Сынып жетекшілері «Мен денсаулығымды сақтаймын» атты тәрбие сағаттарын өткізді.

                   

bilim kuni

01.09.2015

«Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына» арналған  салтанатты жиын

 

      1 – қыркүйек білім күні  1 – сыныпқа 3 оқушы мектепке аяқ басты. Оқушыларға ауданнан келген құрметті қонақтарымыз Май ауданы білім беру бөлімінің бас маманы –  Қайрат Қайырбекұлы Рамазанов, Май ауданыжұмыспен қамту орталығының басшысы Төлеутай Жұмашұлы Сыздыкбаев ізгі тілектерін бідіріп сыйлықтарын табыс етті.

     Алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 11 – сынып оқушысы Нығмет Нұржан және 1 – сынып оқушысы Омарбекова Томириске бұйырды.

 

    

ұлы жеңіске 70 жыл

02.06.2015

«Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытқалмайды»

1 мамыр  күні мектепшілік жиында оқушыларды 9 мамыр мерекесінің  жоспарымен  таныстырылды.6 мамыр күні «Ер есімі –ел есінде»атты тәрбие сағаттары 1-11 сыныптар  арасында  өткізілді.«Отан үшін от кешкен», «Атамыздың ерлігі ұмытылмайды», «Жұдырықтай жүрегінде Отанға деген орны бар»атты мақала «Шамшырақ», «Сарыарқа» газеттеріне  баспаға жіберілді.8 мамыр күні «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытқалмайды»атты мерекелік концерт өтті.  9 мамыр күні ауылдық саябақта мерекелік парад ұйымдастырылды. Әдеби –монтаж (оқушылар орындауында ), мерекелік концерт, ауыл сыртында әртүрлі ұлттық ойындар, мерекелік от шашумен аяқталды. Мереке ауыл әкімнің құттықтау сөзінен басталды. Тыл еңбеккерлеріне сыйлықтар ұсынылды.9 сынып оқушысы Нығмет Нұржанның орындауында «Катюша», «День победы» т.б. патриоттық әндер шырқалды. 1-6 сынып оқушылардың орындауында соғыс  туралы өлеңдер оқылды.

Жазгы демалыс

26.05.2015

Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама

Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек.

Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз.

(толығырақ…)

Жігіт сұлтаны

21.05.2015

Жігіт сұлтаны

                   

 

Саты жалпы орта білім беретін мектеп бойынша  Отан қорғаушылар  мерекесін өткізілуге арнайы атты жоспар құрылды.  Жоспар бойынша 5-10 сынып ұлдарының арасында «Жігіт сұлтаны 2015» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыста 7 оқушы бақ сынады.Барлық сынақтардан сүрінбей өткен 9 сынып оқушысы Гросс Дидар «Жігіт сұлтаны 2015» атағын иеленді. Бағлан Ерлан «Дарынды жігіт» номинациясына ие болса, Нығмет Нұржан «Білімді жігіт», Оразгалин Азамат «Сегіз қырлы, бір сырлы», Оразгалин Аманат «Шымыр жігіт»,  Белгибаев Исмаил «Алғыр жігіт» иелік етті. Оқушыларының  ұйымдастыруымен мерекелік концерт жалғасын тапты. Мектеп қыздарының орындауында  «Мерекем », «Қазақ жігіттері» т.б. әндер шырқалды. 6-8 сынып қыздары  флэшмоб,7,9,10,11 сынып қыздарының орындауында КВН ойналды. Әр түрлі қызықты ойындар  өткізілді. Мерекелік кеш би кешімен жалғасты. Осындай рухани-танымдық жарыстардан санамызға сәуле құйып, көңілімізге көктем орнатып қайтатынымызды ешқашанда ұмытпайық.

Бірлік күні

21.05.2015

Бірлік күні

Саты жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 1 мамыр күніне орай арнайы жоспар құрастырылды. Ұйымдастырылған жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар өткізілді. 30 мамыр күні «Бірлігі жарасқан қазақ елі» атты тәрбие сағаттары 1-11 сыныптар  арасында  өткізілді.1 мамыр күні «Бірлігі жарасқан қазақ елі » атты салтанатты шеру өткізілді. Шеру мерекелік концертпен жалғасын тапты. Мереке ауыл әкімнің құттықтау сөзінен басталды. Мереке барысында орыс, өзбек,шешен ұлттарының әсем әндері,билері  оқушылардың орындауында шырқалып, орындалды.