Отбасы күні

25.09.2016

Отбасы бақыт мекені

Еліміздің түкпір-түкпірінде қыркүйек айында Отбасы күні аталып өтіледі. Осындай мереке аясында Саты жалпы орта білім беретін мектепте Отбасы күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым —  отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу  дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында ….

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын….

Тілдер күні

23.09.2016


22 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні.

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

Конституцияда елімізде тұратын ешбір ұлттың тіліне деген сын жоқ. Қазір жас ұрпақтың үш тілді білулері үшін барлық жағдай жасалуда. Мәңгілік елдің мәңгілік тілі жасай берсін! Егемендіктің арқасында халқымыз туған ана тілімен қайта қауышқандай болды. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Туған тілімізді сақтаудың және дамытудың өзегі -Тіл туралы Заң болса, оны орындау – баршаның міндеті. Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілін білуі тиіс.

Онкүндіктің алғашқы күннен бастап 5 – 11 сыныптары арасында «Абай оқулары» өтті.Бұл кешіміз талантты ақынымыз Абай Құнанбайұлына арналды. Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Осы сайыс үш номинация бойынша өтті.Бірінші номинация: «Білімдіден шыққан сөз» Абай шығармаларын жатқа айту сайысы. Екінші номинация: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың сайысы.Үшінші номинация: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» жас дарындар сайысы бойынша өтті.Салатанатты жиында орын иеленеген оқушылар мақтау қағаздармен марапатталды.

8 – 10 сыныптар арасында «Тілдер  үштұғырлығы» атты тілдер сайысы өтті. Оқушылар өздерінің Отанға деген ыстық сезімдерін, тілге деген жанашырлықтарын көрсетті.
Тілдер мерекесіне арналған онкүндік «Тіл – достықтың құралы» әдеби музыкалық кешпен аяқталды. Соңында мектеп әкімшілігі қортынды шығарып, барлық қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта бұдан да жақсы өнер көрсетулеріне игі тілектерін жолдады.

Көмек көрсетілді

17.09.2016

Көмек көрсетілді

      Қазіргі таңда  «Мектепке» жол дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы жер-жерде «Бақытты балалық шақ мекені!»- ұранымен өткізілуде. Аталмыш  акция Саты ауылында өз жалғасын тапты. Акцияны ұйымдастыру үшін мектепішілік жоспар бекітіліп, әртүрлі шаралар өткізілді. «Мектепке жол»акциясы бойынша мекеме басшыларына және жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына  үндеу қағаздары таратылды.  Бүгінгі күні акцияны ұйымдастыруға белсенділік танытқан селолық әкімшілігіне, ФАП қызметкерлері, мектеп ұжымына,балабақша, Май ауданы еңбек инпекторы М.Байсаловқа, Ішкі саясат бөліміне, Аудандық спорт мектебі, «Армандастар»жастар орталығы, Майауданының ІІБ-нің басшысы Н.Ғаббасовқа қолдау көрсеткендеріне мың да бір алғыс  білдіре отырып, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз.

«Ұрланған балалық шақ»

16.09.2016

«Ұрланған балалық шақ»

Саты жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларды әртүрлі ағымдардың ықпалынан алдын алу мақсатында «Ұрланған балалық шақ» атты бейнеролигі 8-11 сынып оқушылар арасында көрсетілді.

Іс-шара соңында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Жалпы қатысқан оқушылар – 16

 

1 сынып ата-аналарымен конференция

13.09.2016

«Өз балаңа үлгі бол» атты  республикалық конференция 

img_7709 img_7661

           10 қыркүйек 2016 жылы Малайсары жалпы орта білім беретін мектепте Саты жалпы орта білім беретін мектептің  және  Абай бастауыш мектебінің ата-аналарының  қатысуымен   Отбасы күнін атап өту аясында XXI ғасырдың Қазақстандық ата-аналары: «Өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.  Бұл аталған конференцияның мақсаты  «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» беру.

Мектеп директоры А.Жетыбаева  ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының Республикалық ата-аналар конференциясының қатысушыларына құттықтау хатымен таныстырып,  ата-аналарды  бүгінгі мерекемен  құттықтады.

Психологтар ата-аналарға дайындаған видеороликтерін, слайдтарын көрсетіп, психологиялық көмектерін  ұсыныды. 12 жылдық білім берудің балаларымызға артық ауыртпалық түсірмей, мектеп бағдарламасына бүгінгі қажетті пәндерді енгізуге мүмкіндік беретіні және пәндерді үш тілде оқытудың артықшылығын атап көрсетті. Келесі кезекте мектеп психологтары ата-аналарға баланың мектепке білім алуға бейімделуінің ерекшеліктерінің зерттелулеріне арналған психология мен педагогиканың атқарған жұмыс көлемімен таныстырды.

Кездесу соңында  Астана қаласының Отбасылық Тәрбиелеу Институтының бас директоры София Львова Евдокимованың  тілегі  тыңдалды.

Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.

Отбасылық Тәрбиелеу Институтына ата-аналар осындай фильмді жинақтағаны үшін алғыс білдірді. Тұңғыш өткізіліп отырған мұндай шара ата-аналарға  керемет сезім сыйлады.

 

 

 

 

Мектеп психологтары               Ж.Успанова

                                                           А.Есимжанова

Білім күні

02.09.2016

SAM_1449 (Копировать)Саты жалпы орта білім беретін мектепте 1 қыркүйек Білім күніне орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған алғашқы қоңырау мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Жиында еліміздің әнұраны ойналып, туы көтерілді. Салтанатты жиынға Салтанатты жиынға аудан әкімі А.А.Қаңтарбаев және Май ауданы білім беру бөлімінің басшысы Г.Р.Ибраева, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ата-аналар қатысты. Аудан әкімі А.Қаңтарбаев мектептің салтанатты жиынына қатысып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, білім саласының даму тенденциясының негізгі бағыттары туралы баяндап, мектеп табалдырығын аттаған  бүлдiршiндерге Елбасымыздың кітабын сыйлады. Салтанатты жиын «Мен өз Отанымның  патриотымын» білім сабақтарымен жалғасын тапты.

Соңғы қоңырау

25.05.2016

«Сыңғырла соңғы қоңырау»
P1030694 P1030706

Тамақтану айлығы

19.04.2016

Саты жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 1 -10 сәуір аралығында тамақтану айлығы ұйымдастырылды. Жоспар бойынша «Дұрыс тамақтану.Фастфуд және газдалған сусындар» семинарыДТЖО Д.Тусупбековамедбибі А.Солтанова ұйымдастыруымен өтті. Денсаулық бұрышына мәліметтер ілінді. «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын», «Дұрыс тамақтан», «Фаст-фуд мен үшін жоқ», «Дұрыс тамақтану пирамидасы» интерактивті оқыту және «Дәрумендерге бай тамақтар жайлы не білемін?»лекция ұйымдастырылды. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Фаст-фуд денсаулыққа пайдалы ма? Әлде зиян ба?» атты сынып сағаттары өтті.
Ата-аналар жиналысында «Ыстық тамақтың оқушы тұлғасының дамуына әсері» тақырыбында баяндама оқылды.Кеңес /ата-аналар мен оқушыларға арналған/Сынып сағаттары«Дұрыс тамақтану.ВОЗ ұсынған 12 принцип», «Ас тұзы және оның пайдасы», «Денсаулық кепілі- күніне 400 гр жемістер мен көкөніс же»Спорттық сайыстар«Тиімді тамақтанудың түрлі аурулардан алдын алуы» /ойын/, «Дұрыс және бұрыс» /сауалнама. Аға тәлімгер А.Хамитовтың ұйымдастыруымен «Балалар дұрыс тамақтануды қолдайды»атты флэшмоб ұйымдастырылды.